Балқаш қаласына жасаған жұмыс сапары аясында PMTS-KZ командасы байыту фабрикасының жұмысымен танысып, хвостохранилищені аралады. Мамандар қолданыстағы инфрақұрылым мен өндірістік процестерді зерттеді.

Кәсіпорын басшылығымен өткен кездесу барысында мыс қалдықтары мен техногендік минералды түзілімдерді өңдеу бойынша перспективалы жобалар, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың мүмкін форматтары, соның ішінде BOT (Build–Operate–Transfer) қарастырылды.

Қолданыстағы байыту және металлургиялық қуаттылықтарды жаңарту және олардың тиімділігін арттыру мәселелеріне, сондай-ақ ынтымақтастықтың одан арғы бағыттарына ерекше назар аударылды.

Барлық жаңалықтарға оралу Стендте кездесу жоспарлау